АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ҚЫЗЫҚТЫ ЭКСПЕРИМЕНТТЕР» АТТЫ ШЕБЕРЛІК АЛАҢЫ

08.04.2026

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Ғылым күніне орай Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Әлеуметтік-жаратылыстану пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің ғылыми-танымдық қызығушылығын арттыру, тәжірибелік дағдыларын дамыту және білімді тәжірибе арқылы терең меңгерту мақсатында «Қызықты эксперименттер» атты шеберлік алаңы өткізілді.
Аталған іс-шараға білім алушылар белсенді қатысып, түрлі ғылыми тәжірибелерді орындау барысында теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік алды. Шеберлік алаңы барысында студенттер жаратылыстану ғылымдарының негізгі заңдылықтарын тәжірибе жүзінде көріп, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, қатысушылар өзара пікір алмасып, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шараның басты ерекшелігі – әрбір эксперименттің көрнекілігі мен қолжетімділігі, сондай-ақ студенттердің белсенді қатысуы болды. Бұл өз кезегінде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылыми ізденіске деген ынтасын күшейтті.
Осындай мазмұнды шаралар жастардың білімге деген құштарлығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға да ықпал етеді.

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст