АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БІЛІМДЕ»

08.04.2026
Ғылым күніне орай Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Информатика кафедрасы «Жасанды интеллект білімде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқытушылар білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану жолдарын талқылап, заманауи AI құралдарымен танысты. Әртүрлі пәндер бойынша спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық мүмкіндіктерді сабақта қолданудың маңызын атап өтті.
Сыздықова Әсем Қайдаровна «Google Workspace құралдарын шетел тілін оқытуда тиімді пайдалану» тақырыбында, Жалғасбай Меруерт Тілеубайқызы «Математиканы оқытудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері», Қаржау Айсара Қожабекқызы «Жасанды интеллект – болашақ білімнің негізгі құралы» тақырыбында, Қайыргелдиева Альмира Болатовна «Педагогика пәнінде жасанды интеллекттің қолданылуы», Исқақова Лунара Ғалымжанқызы «Суреттерден анимациялық видео жасаудағы жасанды интеллекттің рөлі», Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы «Жасанды интеллект – оқытушының цифрлық ассистенті» баяндамасымен, ал Устименко Надежда Александровна мен Сұлтан Нариман Нұржанұлы «Музыкалық білім берудегі нота редакторлары және жасанды интеллект технологиялары» тақырыптарында баяндама жасап, дөңгелек үстелдің мазмұнын аша білді.
Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосады деп сенеміз.
Просмотров: 201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст