07.04.2026
2026 жылдың 7 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде» филология бөлімінің ұйымдастыруымен университет–колледж–мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында қалалық семинар өтті. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері жан-жақты талқыланып, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстың маңыздылығын айқындау мәселелері кеңінен қозғалды. Семинар аясында: әлеуметтік серіктестермен кәсіби байланыс нығайтылды; цифрлық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары ұсынылды; жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу тәжірибесі талқыланды; университет, колледж және мектеп мұғалімдері өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Семинарға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушылары, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, сондай-ақ колледждің филология бөлімінің педагогтері мен студенттері қатысты. Нәтижесінде қатысушылар цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, пәнді оқыту сапасын арттыру бағытындағы жаңа идеялармен танысып, оларды тәжірибеде қолдану жолдарын айқындады. Осындай мазмұнды іс-шаралар білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, педагогтердің кәсіби дамуына серпін береді.