АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингво-ресурстық орталықтың ашылу салтанаты өтті

15.06.2021

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ақын, зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақтың біртуар жанашыр азаматы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингво-ресурстық орталықтың ашылу салтанаты өтті. Орталықтың тұсау кесу рәсімін колледж директоры, ф.ғ.к., Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы мен Тіл және әдебиет кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. Қажыбай Аян Төлегенұлы өткізді. Ашылу салтанатына Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары, қолжазбалары сақталған Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Торғайдың Жангелдин Мұражайлар кешені» ZOOM платформасы арқылы байланысқа шықты. Кешен директоры Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы орталықтың іске қосылуымен құттықтап, Ұлт ұстазының мұраларымен таныстырды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингво-ресурстық орталығының мақсаты: студенттерді болашақ кәсіби маман ретінде өз мамандығын сүюге, кәсіби және жеке өмірлік жетістіктерге жетуге, рухани құзіреттілігін дамытуға баулу; қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мазмұнын жүзеге асыруда инновациялық әдістер мен технологияларын қолданып мобильді жұмыс жасауына ықпал жасау.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған лингво-ресурстық орталық білім алушылардың тілтаным, тіл білімі мәселелеріне тереңінен үңілуіне мүмкіндік береді.

Просмотров: 274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст