01.04.2026
2026 жылы наурыз айында Қазақстандық колледж спартакиадасы аясында Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдардың студенттері арасында ұлттық спорт лигасы өткізілді.
Лиганың негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының спортын дамыту және насихаттау, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ олардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Осы орайда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері тоғызқұмалақ пен бес асықтан ұлттық лигада жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшілері Хамзин Елебек Советұлы мен Өмірзақ Айсұлу Қуандыққызын республикалық деңгейдегі спорттық додада жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!