27.03.2026
2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті.
Аталған білім бәйгесінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері математика, орыс тілі, информатика, физика, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндері бойынша қатысып, өз білімдерін сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша М-11 тобының студенті Борамбай Ақдидар Қазбекқызы (жетекшісі – тарих пәнінің оқытушысы Сексенова Дильназ Ерболатовна) І орынға ие болды. Білімділігі мен терең дайындықтың нәтижесінде студентіміз республикалық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар, ФБ-11 тобының студенті Жансабекова Айгерім Аспаняровна (жетекшісі – орыс тілі пәнінің оқытушысы Жабағинова Майра Қанапияновна) орыс тілі пәнінен ІІ орынға ие болды.
Олимпиадаға қатысқан барлық студенттерге белсенді қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Бұл жетістіктер – студенттердің жүйелі еңбегі мен педагогтердің кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңде де жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектеспіз!