31.03.2026
2026 жылғы наурыз айында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқау 2–16 ақпан аралығында өткізіліп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 117 жұмыс ұсынылды. Қатысушылар түрлі номинациялар бойынша өздерінің үздік педагогикалық тәжірибелері мен инновациялық идеяларын ұсынды.
Сараптау комиссиясының шешімімен әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды.
Аталған байқауға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагогтері белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда:
«Арнайы пән бойынша үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша:
І орын — Серкешбаева Гульжанат Нурмагамбетовна;
ІІ орын — Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы.
Сонымен қатар, колледждің өзге педагогтері де байқауға қатысып, қатысушы сертификаттарымен марапатталды.
Бұл жетістіктер колледж педагогтерінің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана білетіндігін және шығармашылық әлеуетінің зор екенін көрсетеді.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!