АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

26.03.2026

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №2 студенттер үйінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мазмұнды әрі әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, қазақ халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ студент жастарға мерекелік көңіл күй сыйлау болды.
Шараны тәрбиеші Айгүл Исламқызы мен студенттік кеңес мүшелері бірлесе ұйымдастырды. Кеш барысында ұлттық әндер шырқалып, қызықты ойындар ойнатылды, қазақтың салт-дәстүрлерінен сахналық көріністер ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.
Кеш соңында студенттер бір-біріне ақ тілектерін арнап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы #Наурыз2026 #Ұлттыққұндылықтар #Студенттікөмір
#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

Просмотров: 702

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст