24.03.2026
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері 2026 жылғы 17–20 наурыз аралығында өткен «Жігер» спартакиадасы аясында Ақмола облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырылған «Мерген-2026» пневматикалық винтовкадан ату жарысында І орын иеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бұл — жастардың әскери-патриоттық дайындығының, мергендік шеберлігінің және командалық рухының жоғары деңгейде екенін айқын көрсететін зор жетістік.
«Айбын» әскери-патриоттық клубының жігерлі жастары бұған дейінгі жетістіктерімен өз мүмкіндіктерін дәлелдеді. Алдағы халықаралық додада да облысымыздың намысын абыроймен қорғайтынына сенім мол.
Сәттілік пен жеңіс серік болсын!