АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

НАУРЫЗ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ВИКТОРИНА

17.03.2026

Наурыз науқаны аясында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында I–II курс студенттері арасында интеллектуалды викторина ұйымдастырылды. Танымдық сайысқа қатысқан студенттер қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен мерекелік рәсімдері туралы қойылған сұрақтарға жүйелі әрі мазмұнды жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Викторина барысында қатысушылар ұлттық мәдениетке қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, салт-дәстүрлердің мәні мен маңызын түсіндіру арқылы өздерінің білім деңгейін дәлелдеді. Қатысушылардың жауаптары қазылар алқасының арнайы критерийлері негізінде бағаланып, үздік нәтиже көрсеткен студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараның модераторы – С. С. Беген.
Қазылар алқасының мүшелері – Т. Т. Сатиева және Б. Е. Ермекәлі.
Аталған іс-шара студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған маңызды танымдық алаң болды.

#Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы

Просмотров: 85


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст