16.03.2026
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Бастауыш мектеп бөлімінің IV курс студенттері 2026 жылдың 12 қаңтары мен 27 ақпаны аралығында дипломалды практикасын Көкшетау қаласындағы №4 және №19 жалпы білім беретін мектептерде өткізді.
Студенттер бұл практика барысында алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып, өздерін болашақ ұстаз ретінде көрсете алды.
Практика қорытындысы ретінде 2026 жылдың 11 наурыз күні «Бастауыш білім – үлкен өмірге алғашқы қадам» атты конференция өткізілді. Конференция барысында студенттер өздерінің дайындаған дидактикалық материалдарын, қысқа мерзімді жоспарларының үлгілерін және авторлық көрнекіліктерін таныстырды.
Конференцияға практика бөлімінің жетекшісі Меңдібаева Айжанар Нұрланқызы, сондай-ақ әдіскерлер Қожахметова Толғанай Қойбағарқызы және Әміржанова Гүлмира Қайыржановна қатысты.