АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТӘЛІМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ, ДӘСТҮРГЕ АДАЛДЫҚ

16.03.2026

Көрісу – Наурыз мейрамының бастауы, құрмет пен сыйластықтың, татулық пен берекенің белгісі саналатын ерекше күн. Осы айтулы мерекеде колледжіміздің «Jas Orda» жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері, сондай-ақ «Ар-Намыс» саяси-интеллектуалдық клубы мен «Айбын» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері колледжді 35 жыл бойы абыроймен басқарған, аталған клубтардың негізін қалаған, бүгінде ерен еңбегінің зейнетін көріп отырған Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Ұстазы, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының, Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, Ақмола облысы  мәслихатының депутаты Ахат Нұртас Ахатұлының шаңырағына арнайы барып, Амал мерекесімен құттықтап қайтты. Колледждің белсенді жастары ақжарма тілектерін білдіріп, әсем әндерімен еңбек ардагеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Нұртас Ахатұлының рухани әрі тағылымға толы кездесулерін сағынған шәкірттері, оның  кезекті өнегесін ұйып тыңдап, ұлағатты ұстаздарының кітапхана қорымен де танысты. Бұл кездесу – ұрпақтар сабақтастығын жалғап, тәлім мен тәрбиенің маңызын айқындай түскен тағылымды сәт болды. Ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін осындай игі кездесулер көбейіп, жастарымыз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ата дәстүрімізді жаңғырта берсін. 
#Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы

Просмотров: 116


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст