13.03.2026
2026 жылдың 13 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «НАУРЫЗ АРУЫ – 2026» байқауы жоғары деңгейде өтті.
Аталған шараны колледждегі «Кербез» қыздар клубының жетекшісі Емілесова Сания Жаныбекқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – қазақ қызының бойындағы әдептілік, инабаттылық, өнерпаздық қасиеттерін насихаттап, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптеу.
Байқауға қатысушы арулардың өнерін бағалаған әділқазылар алқасының мүшелері:
* Бақытжан Досымбекқызы Айдосова – Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облыстық аналар кеңесінің мүшесі, «Қыздар» клубының жетекшісі
* Арайлым Қайыргелдықызы Рахым – тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары
* Ұлтай Нұрадинқызы Шернияздан – музыка пәнінің оқытушысы
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру
2. Өнер көрсету
3. Сұрақ-жауап
4. Ұлттық киім / Ұлттық тағам
Қатысушы арулар өздерінің өнерлерін, тапқырлықтарын және ұлттық мәдениетке деген құрметтерін көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
* Бас жүлде – Құрманғали Әсемай (ФБ-23ҚБ тобы)
* І орын – Төлеген Қарақат (Л-21ҚБ тобы)
* ІІ орын – Казыбаева Лейла (А-11 тобы)
* ІІІ орын – Толегенова Гүлмарал (М-21 тобы)
* «Өнерлі ару» номинациясы – Рысбай Арайлым (И-21 тобы)
* «Сымбатты ару» номинациясы – Серік Ақерке (М-11 тобы)
Шара барысында ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, қазақ қызына тән әсемдік пен өнер үйлесім тапқан ерекше кеш болды.