АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДЕБЮТ» БАЙҚАУЫ

11.03.2026
2026 жылғы 11 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің А-43 ҚБ тобының студенті Байкенова Әнел Дюсенбекқызы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ұйымдастырылған «Педагогикалық дебют» байқауына қатысып, жүлделі III орынға ие болды.
Аталған байқау дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру, сондай-ақ болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуы мен инновациялық белсенділігін дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз білімдері мен педагогикалық шеберліктерін көрсетті. Атап айтқанда:
– «Жас педагог жолының бастауы» өзін-өзі таныстыру кезеңінде қатысушылар өздерінің педагогикалық ұстанымдары мен кәсіби бағыттарын таныстырды;
– Сабақ өткізу кезеңінде қатысушылар сабақ ұйымдастырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білетіндігін көрсетті;
– «Кәсіби полигон» кейс шешу кезеңінде педагогикалық жағдаяттарды шешу арқылы кәсіби біліктіліктерін дәлелдеді.
Байкенова Әнел Дюсенбекқызы байқау барысында жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасын және педагогикалық шеберлігін көрсете білді.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұжымы студентімізді жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейді.
Әнел Дюсенбекқызын жүлделі III орынмен құттықтаймыз!
Просмотров: 112


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст