11.03.2026
«Қарияға қамқорлық» волонтерлік көмек («Игі істер автобусы» жобасы) аясында Ағылшын бөлімінің ІІ курс студенттері топ жетекшісі Жұман Аружан Талғатқызының жетекшілігімен «Доброе сердце» қарттар мен мүгедектерге арналған пансионатына барып қайтты.
«Қарияға қамқорлық» – қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуді мақсат ететін қайырымдылық бастама. Бұл жоба аясында волонтерлер қарияларға қамқорлық танытып, олардың көңіл-күйін көтеріп, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттайды.
Іс-шара барысында студенттер мерекелік дастархан жайып, өнерлерін көрсетіп, қариялардың ықыласы мен ризашылығына бөленді. Бұл шара қариялардың көңілін көтеріп қана қоймай, жастардың үлкендерден бата алып, олардың өмірлік тәжірибесінен тағылым алуына мүмкіндік берді.
Үлкенді сыйлау – біздің басты парызымыз!