11.03.2026
2026 жылдың 10 наурыз күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ағылшын тілі» бөлімінің IV курс студенттерінің ғылыми дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми дипломдық жұмыстарының дайындық деңгейін анықтау, зерттеу жұмыстарының мазмұнын талдау, ғылыми тұрғыдан негізділігін бағалау, кемшіліктерін айқындап, оларды жетілдіруге бағыт-бағдар беру, сондай-ақ студенттерді қорытынды қорғауға сапалы дайындау.
Қорғау барысында 26 студент шетел тілін оқыту әдістемесі, шетел тілінің стилистикалық ерекшеліктерін қолдану, оқытылатын тілдің грамматикалық құрылымы мен ережелерін меңгерту, шетел тілінің фонетикалық жүйесін құрылымдау, сондай-ақ педагогика пәндері бойынша дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғады.
Әр студентке 7 минут уақыт берілді. Берілген уақыт аралығында студенттер сөз алып, дипломдық жұмыстарының ғылыми аппаратын, теориялық және практикалық аспектілерін презентация арқылы таныстырды.
Шетел тілі кафедрасының оқытушылары студенттердің жұмыстарына қатысты сұрақтар қойып, ғылыми тұрғыдан талдау жасап, тиісті ұсыныстарын білдірді.