02.03.2026
Ақмола облысы педагогикалық ұжымдары арасында ұйымдастырылған волейболдан әуесқойлар лигасында Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте І орынды иеленді. Аталған лига 27 қыркүйек күні басталып, 28 ақпан күні финалдық ойындармен өз мәресіне жетті.
Жарысқа облыстың білім беру ұйымдарынан барлығы 12 команда қатысты. Лига барысында командалар өзара тартысты да қызықты ойындар өткізді. Колледжіміздің оқытушыларынан құралған команда жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін таныта білді.
Жалпы 11 ойын өткізіп, нәтижесінде 30 ұпай жинап, шешуші кездесулерде басымдық танытып, чемпион атанды. Бұл – команданың тұрақты еңбегінің, жүйелі дайындықтың және бірліктің жемісі.
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
🥈 ІІ орын – №8 жалпы орта білім беретін мектебі
🥉 ІІІ орын – Зеренді ауданы білім бөлімінің командасы
Команда мүшелерін лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!