27.02.2026
2026 жылғы 26 ақпанда өндірістік практикадан өтіп жатқан Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Әмірзада Камила 9-сыныпта сілтеу есімдіктері тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ «The Worth of Wealth»
бөлімі аясында ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – білім алушылардың this (бұл), that (анау), these (бұлар), those (аналар) сілтеу есімдіктерінің мағынасын ауызша және жазбаша контексте анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, қысқа қолдаулы мәтіндерді түсіну қабілеттерін дамыту және теориялық білімді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Қызығушылықты ояту және ой шақыру кезеңдерінде білім алушылардың назарын сабаққа шоғырландыру мақсатында күнделікті өмірден алынған жағдаяттар қолданылды. Заттардың жақын және алыс орналасуына байланысты сілтеу есімдіктерінің қолданылуы нақты көрнекі мысалдар арқылы түсіндірілді.
Жаңалықты өздігінен ашу кезеңінде оқушылар берілген сөйлемдер негізінде сілтеу есімдіктерінің мағынасын контекст арқылы анықтады.
Бекіту кезеңінде білім алушылар сөйлемдерді толықтыру, қатені анықтау, жеке және топтық тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыпты бекітті. Онлайн-викторина және интерактивті тапсырмалар платформалары арқылы ұйымдастырылған жұмыстар білім алушылардың белсенділігін арттырды.
Шығармашылық тапсырма кезеңінде білім алушылар өз ойларын білдіріп, жақын және алыс заттар мен адамдарға қатысты сөйлемдер құрастырды.
Сабақ соңында кері байланыс кезеңі өткізіліп, білім алушылар сабақта меңгерген білімдерін қорытындылады.
Қорытындылай келе, сабақта қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Білім алушылар сілтеу есімдіктерін ауызша және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолдана алды. Интерактивті әдістер мен ойын элементтері сабақтың тиімділігін арттырып, өндірістік практикадан өтіп жатқан студенттің педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына оң әсерін тигізді.
Сабаққа әдіскер Әсем Бекешевна мен директордың практика жөніндегі орынбасары Тойындық Молдағалиева қатысып, сабақ барысын бақылап, кәсіби тұрғыда талдау жасады.