АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ӘЛІПБИ. ӨРМЕКШІ, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ» ТАҚЫРЫБЫНДА АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН ҮЛГІ САБАҚ

24.02.2026

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бастауыш бөлімінің БМ-41 тобының студенті Бауыржанқызы Еңлік 2026 жылғы 24 ақпан күні дипломалды практика аясында Қызылорда қаласындағы №178 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 «А» сыныбында ана тілі пәнінен «Әліпби. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» тақырыбында үлгі сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға әліпби туралы бастапқы білім беру, берілген сөздер арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға, буындап оқуға және сөздік қорын дамытуға ықпал ету; сондай-ақ, жәндіктер мен құстар туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру және психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында түрлі ойын әдістері мен көрнекі құралдар қолданылды. Оқушылар суреттермен жұмыс жасап, дыбысты ажырату және сөз құрау тапсырмаларын орындады.
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылардың тақырыпты жақсы меңгергені және сабаққа белсене қатысқаны байқалды. Берілген тапсырмалар толық орындалып, сабақ мақсатына жетті.

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст