АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»

19.02.2026

2026 жылғы 18 ақпан күні МД-31 тобының «Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу мен әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау» тақырыбындағы дипломалды практикасының қорытынды конференциясы өтті. 
Іс-шара барысында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция аясында ашық сабақтардан дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құрылымы, қолданылған әдіс-тәсілдер және балалармен жүргізілген жұмыс барысы талданды.
Студенттер тәжірибелік бөлімде шағын эксперимент ұйымдастырып, теориялық білімнің практикада қалай жүзеге асатынын көрсетті. Ұсынылған тәжірибе балалардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталып, құбылыстарды тәжірибе арқылы түсіндірудің тиімділігін айқындады.
Сонымен қатар дидактикалық ойындар мен көрме форматындағы әдістемелік материалдар таныстырылып, студенттердің шығармашылық қабілеті мен әдістемелік дайындығы байқалды. Ойындардың мақсаты, ережесі және өткізу жолдары түсіндіріліп, олардың мектепке дейінгі білім берудегі маңызы атап өтілді.
Конференция барысында ертегі қойылымынан бейнеүзінді ұсынылып, тәрбиелік мәні бар көріністер арқылы балаларға мейірімділік, достық және қамқорлық құндылықтарын жеткізудің жолдары көрсетілді.
Іс-шара соңында МД-21 және МД-22 ҚБ топтарының студенттері пікір білдіріп, өздеріне ерекше әсер еткен сәттермен бөлісті. Олар тәжірибелік жұмыстар мен бейнематериалдардың мазмұндылығын атап өтіп, мұндай конференциялар кәсіби өсуге үлкен серпін беретінін жеткізді.
Қорытындылай келе, аталған конференция болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нығайтып, теория мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст