Текст
19.02.2026
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі №1 студенттер үйінің кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен «Retro party» кеші жоғары деңгейде өтті.
Кеш 90-жылдар, 2000, 2010 және 2020 жылдардың атмосферасын қамтып, студенттерге ерекше көңіл күй сыйлады. Қатысушылар би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетіп, қызықты ойындарға белсене қатысты. Әр кезеңнің музыкасы мен стилі кештің сәнін келтірді.
Осындай әсем кеш студенттердің бір-бірімен жақын араласуына, көңіл көтеруіне және ұмытылмас естеліктер сыйлауына мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз 🤍
#retroparty #студенттікөмір #жастаркеші #көкшетау #студенттер