13.02.2026
2026 жылдың 12 ақпан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Жанайдар Мусиннің «Әдебиет пен журналистика тоғысындағы мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Бала тілін дамыту әдістемесі» атты оқулықтың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шара мектепке дейінгі білім беру саласындағы болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды оқиға болды.Аталған оқулықтың авторлары – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Әмірова Сағира Абзалқызы, оқытушы Кравченко Анастасия Петровна және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы Құдайбергенова Гүлмира Қабылқалыққызы. Бұл еңбек авторлардың көпжылдық тәжірибесі мен ғылыми ізденістерінің нәтижесінде дайындалып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға арналған құнды әдістемелік құрал болып табылады.Оқулықтың тұсауын филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы, Жазушы, журналист, мәдениет және қағам қайраткері Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балташева Айнагүл Қадырбайқызы кесті. Қонақтар жаңа оқулықтың білім беру саласындағы маңыздылығын атап өтіп, авторлар ұжымына ізгі тілектерін білдірді.Тұсаукесер барысында авторлардың бірі Әмірова Сағира Абзалқызы сөз сөйлеп, оқулықтың мазмұны мен оның болашақ педагог мамандарды даярлаудағы рөліне тоқталды.Жаңа оқулықтың жарық көруі – білім беру саласындағы маңызды жетістік. Бұл еңбек студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етіп, мектепке дейінгі білім беру сапасын дамытуға өз үлесін қосады.