АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

06.02.2026

2026 жылдың 06 ақпан күні «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК-де «Теория мен практиканы интеграциялау – маман даярлаудың табыстылығының шарты» тақырыбында әдістемелік бірлестіктің кезекті отырысы өтті.
Әдістемелік отырыс студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған теориялық оқыту мен практикалық даярлауды тиімді интеграциялау тәжірибелерімен алмасуға арналған кәсіби алаң құру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Атап айтқанда, Мукушева Нұргүл Серікқызы «Мектепке дейінгі ұйымдардағы кәсіптік практика: тәжірибе алмасу және кәсіби өсу мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы «Дидактикадағы теория мен практиканың синтезі: кейс-әдісі мен жобалық оқыту технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіліп, маңызды ұсыныстар қабылданып, қорытынды жасалды.
Іс-шара педагогтерге колледж студенттерін оқытуда теория мен практиканы интеграциялаудың тиімді бағыттарын жетілдіруге, кәсіби шеберлігін арттыруға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст