АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

МЕКТЕПКЕ ДЙІНГІ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДИПЛОМАЛДЫ ПРАКТИКАСЫ

10.01.2026
2026 жылдың 12 қаңтар – 13 ақпан аралығында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі бөлімнің МД-31 тобының 3-курс студенттері Көушетау қаласындағы  «Арай» балабақшасында дипломалды практикадан өтуде. Практика барысында студенттер ұйымдастырылған іс-әрекеттерде түрлі әдістемелік технологияларды тиімді қолдануда.
Атап айтқанда:
1. Абильмажинова Махаббат Дархановна №11 «Мөлдір бұлақ» мектепалды даярлық тобында 2026 жылғы 02 ақпан күні «Жануарлар әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
2. Аманжол Алина Азаматқызы №8 «Айжарқын» ересек тобында 2026 жылғы 04 ақпан күні шығармашылық бағыт бойынша «Су асты әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
3. Қайыргелді Диана Қайыркенқызы №2 «Балдырған» тобының ортанғы тобында 2026 жылғы 04 ақпан күні «Геометриялық пішіндер» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
Практика барысында студенттер балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын технологияларын, көрнекілік әдістерін және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды пайдаланды. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, ойлау, тілдік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына оң әсерін тигізді.
Дипломалды практика студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға және болашақ маман ретінде тәжірибесін нығайтуға мүмкіндік берді.
Просмотров: 42


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст