АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ. ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДУЭТ-САБАҚ

03.02.2026
2026 жылғы 3 ақпанда «Конституциялық құқық. ҚР Конституциясының негізгі қасиеттерін анықтау» тақырыбында тәжірибелі ұстаз Батанасова Бақытгүл Ергалиевна мен жас маман Утельбай Томирис Дулатқызының дуэт-сабағы өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – конституциялық құқық ұғымын түсіндіру және Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні мен негізгі қасиеттерін ашу арқылы студенттердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар Конституция баптарын өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып талқылады, топтық және жұптық тапсырмаларды орындады.
Сонымен қатар, жаңа тақырыпты бекіту мақсатында пазлдар мен кластерлер құрастырылып, LearningApps, Classtools, Jigsawplanet сияқты заманауи интерактивті платформалар тиімді қолданылды.
Дуэт-сабақ форматы студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуына, құқықтық ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етті. Мұндай сабақтар жас мамандардың кәсіби тәжірибе жинақтауына, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік берсе, тәжірибелі ұстаздар үшін педагогикалық тәжірибені таратуға жағдай жасайды.
Сабақ соңында студенттер Қазақстан Республикасы Конституциясының 9 тарауы мен 98 бабымен танысып, негізгі құқықтық ұғымдарды өмірлік мысалдар арқылы түсіндірді. Білім алушылар өз құқықтық ұстанымдарын білдіріп, ой-талқыға белсенді қатысты.
Дуэт-сабақ – білім мен тәжірибенің үйлесімін қамтамасыз ететін, теория мен практиканы тиімді ұштастыратын заманауи оқыту формасы.
Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст