Текст
27.01.2026
2026 жылдың 27 қаңтар күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Музыкалық білім беру» кафедрасында «Ұлы дала әуендері» атты танымдық-ойын кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге ұлттық музыкалық мұраны насихаттау, қазақ күй өнерінің құндылығын таныту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бағдарлама үш кезеңнен тұрды:
– «Күйді тап!» – сурет сөйлеген сәт;
– «Әуенді тап!» – күйден күй таныған сәт;
– «Күйді орында» – домбыра тіл қатқан сәт.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Аталған танымдық-ойын кеші ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, студенттердің эстетикалық талғамын арттыруға және өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға зор ықпал етті.