АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

САНАЛЫ ҰРПАҚ – САНАЛЫ ТАҢДАУ

28.01.2026

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде маңызды әлеуметтік шара өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында Астана қаласының «Таңдау» театрының кәсіби актерлері колледждің 1–2 курс студенттеріне арналған
«Өнер Мектебі» атты әлеуметтік-психологиялық драма қойылымын ұсынды.
Қойылымда достық пен бәсекелестік, амбиция мен ар-ождан арасындағы таңдау, буллинг, тәуелді қарым-қатынастар сияқты өзекті мәселелер қозғалды.
Қойылымның басты мақсаты – білім алушылар арасында буллингтің алдын алу, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және саналы таңдау жасауға шақыру.
Қойылымның соңы колледждің «Ақ қауырсын» поэзия клубы мүшелеріне арналған шеберлік сыныбына ұласты. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың саналы, жауапты, адал азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

#адалазамат #біртұтастәрбиебағдарламасы #заңжәнетәртіп #буллингкежолберме #саналыұрпақ

Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст