27.01.2026
2026 жылғы 26 қаңтар күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің М-41 тобы студенттерінің «Хор практикасы» пәні бойынша есеп беру концерті өтті. Аталған концерт оқу үдерісінде меңгерілген теориялық білім мен практикалық дағдылардың деңгейін көрсетуге бағытталды.
Концерт барысында студенттердің орындау шеберлігі, дыбыс тазалығы, ырғақ пен интонация дәлдігі жоғары деңгейде байқалды. Әрбір музыкалық шығарма көркемдік талаптарға сай орындалып, хор мүшелерінің өзара үйлесімділігі мен ансамбльдік бірлігі айқын көрінді. Сонымен қатар дирижерлік басқарудағы нақтылық пен шығарманы тұтастай сезіне білу қабілеті студенттердің кәсіби дайындығының артқанын көрсетті.
Есеп беру концерті студенттердің шығармашылық әлеуетінің дамығанын, оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын дәлелдеді. Орындаулар арқылы болашақ мамандардың музыкалық талғамы, сахналық мәдениеті мен жауапкершілік деңгейі айқын аңғарылды.