Текст
22.01.2026
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің М-21 тобымен «Өз құқығыңды білесің бе?» атты ойын-викторина өткізілді. Аталған іс-шара барысында білім алушылар өздерінің құқықтық білімдерін тексеріп, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен негізгі заңдарына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Викторина кезінде топ мүшелері белсенділік танытып, түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен логикалық сұрақтарды орындады. Ойын білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге, заңға құрметпен қарауға тәрбиеледі.
Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтіп, қатысушылар өз білімдерін толықтырып, пайдалы ақпарат алды.