26.01.2026
2026 жылдың 26 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Музыкалық білім беру» кафедрасы апталығының басталуына орай ұжым мен білім алушыларды қарсы алу іс-шарасы өтті. Музыка бөлімінің ұстаздары қатысушыларды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, түрлі көңілді викториналар мен музыкалық ойындар ұйымдастырды.
Сонымен қатар, апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 26–30 қаңтар аралығында өтетін «ӘН. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. КӘСІП» атты апталықтың негізгі мақсаты – білім алушылардың музыкалық қабілеттерін ашу, ән айту мен орындаушылық шеберлігін дамыту, музыка арқылы шығармашылық ойлауын және эстетикалық талғамын қалыптастыру. Сондай-ақ музыканы тек өнер саласы ретінде ғана емес, кәсіп ретінде таныстырып, шығармашылық индустриялар туралы түсінік беру көзделді.
Ашылу салтанатында алғашқы сөз колледж директорының міндетін атқарушы, директордың ғылыми жұмысы бойынша орынбасары Бақытгүл Ерғалиқызы Батанасоваға беріліп, ол «Музыкалық білім беру» кафедрасы апталығының ашылуымен құттықтап, өнердің адам өміріндегі маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара «Қайнар» тобының орындауындағы «ӘН. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. КӘСІП» атты әнмен басталып, одан әрі колледж оқытушысы Закирьянова Әйгерімнің орындауында Құрманғазының «Адай» күйі ұсынылды. Ашылу салтанаты барысында музыка апталығы аясында жоспарланған іс-шаралардың мақсат-міндеттері таныстырылып, кеш «Қоңыр қаз» дуэтінің орындауындағы «Жастар» әнімен қорытындыланды.