23.01.2026
2026 жылдың 23 қаңтарында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, колледж педагогтері және филология бөлімінің студенттері қатысқан тәжірибеге бағытталған кәсіби фасилитация өтті.
Іс-шараның мақсаты — қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдістерді жетілдіру, жасанды интеллект құралдарын ұтымды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, педагогтер арасында тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Фасилитацияның алғысөзінде колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы қатысушыларға жылы лебіз білдіріп, сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.
Танысу мақсатында тіл және әдебиет кафедрасының оқытушысы Мөлдір Есенгелдіқызы «Бір орта – бір мақсат» атты тренингін өткізді.
Іс-шара барысында тіл және әдебиет кафедрасының жетекшісі Жәнібек Бердімұратұлы, Филология бөлімінің IV курс студенті Сонгобай Ақерке, №16 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Алма Хамитовна,
№13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының мұғалімі Мейрбек Ануарбекұлы,
№13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлзада Сағындыққызы, №2 мектеп-лицейінің мұғалімі Алтыншаш Жанарбекқызы, №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі Асия Алмасқызы, №6 мектеп-лицейінің мұғалімі Мадина Арманқызы,
№13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының мұғалімі Ақбота Есенгелдіқызы,
М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының мұғалімі Айнұр Аманбайқызы, №15 негізгі орта мектебінің мұғалімі Алия Мұратқызы, сондай-ақ филология бөлімінің III–IV курс студенттері Жағупар Даниал, Акай Аружан, Бейсембай Мадина қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жасанды интеллект, цифрлық құралдар, кейс-стади, PBL, оқу сауаттылығы, креативті әдістер және Блум таксономиясы бағытында баяндамалар мен практикалық жұмыстар ұсынды.
Іс-шараны қорытындылау мақсатында тіл және әдебиет кафедрасының оқытушысы Арайлым Аманжолқызы «Кәсіби қоржын» кері байланысын өткізді. Фасилитация соңында әр қатысушыға колледж директорының практика жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы сертификат табыстады.