26.01.2026
2026 жылғы 26 қаңтарда дене тәрбиесі бөлімінің ДМ-31 тобында «Өз құқығыңды білесің бе?» – құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілік тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты – әрбір студенттің өз құқықтары мен міндеттері туралы білімін арттыру, заң талаптарын сақтауға үйрету, өз құқығын қорғай білуге және өзгенің құқығын құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамда заңды сақтайтын, жауапкершілігі жоғары, белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал ету көзделді.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген негізгі құқықтар мен міндеттермен танысып, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар бойынша пікір алмасты. Топтық талқылаулар мен сұрақ-жауап жұмыстары арқылы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы арттырылып, заңға құрметпен қарау, әділдік пен жауапкершілік құндылықтары насихатталды.
Тәрбие сағаты студенттердің өз ойларын еркін білдіруіне, құқықтық мәселелерге сыни көзқараспен қарауына және азаматтық ұстанымын нығайтуына мүмкіндік берді.
Топ жетекшісі: Аугалиева Жадра Қаирболатовна