АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ!» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ

22.01.2026
2025–2026 оқу жылының кешенді білім беру бағдарламасына сәйкес, кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2026 жылдың 19–20 қаңтар күндері жоғары колледж бен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Шынықсаң, шымыр боларсың!» тақырыбында 13–17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында волейболдан спорттық сайыс өткізілді.
Аталған спорттық сайысқа қаладағы 8 мектептен 8 команда қатысып, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға, командалық рух пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сайыс барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын терең түсінді. Іс-шара спорт саласындағы мамандықтарға қызығушылық оятатын жарқын алаңға айналды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
ІІІ орынды – №1 мектеп-гимназиясының командасы,
ІІ орынды – №14 жалпы білім беретін мектептің командасы,
І орынды – №20 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.
Сонымен қатар үздік ойыншылар арнайы аталымдар бойынша дипломдармен марапатталды:
1. Үздік қорғаушы – Грацкая Маргарита (№14 жалпы білім беретін мектеп);
2. Бағалы ойыншы – Жумагали Алина (№6 мектеп-лицейі);
3. Үздік шабуылдаушы – Исабаева Алинур (№1 мектеп-гимназиясы);
4. Үздік байланыстырушы – Балтабаева Саида (Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі);
5. Үздік ойыншы – Ерланқызы Малика (№20 мектеп-гимназиясы);
6. Үздік қабылдаушы – Батанас Айлана (№20 мектеп-гимназиясы);
7. Үздік тосқауылшы – Жұмабек Мөлдір (№20 мектеп-гимназиясы).
Қорытындылай келе, аталған спорттық сайыс оқушылардың физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, олардың өз мүмкіндіктерін танып, болашақ мамандыққа саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулып, спортты кәсіби бағыт ретінде таңдауға жол ашады.
Просмотров: 162


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст