22.01.2026
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 1 курс студенттерімен маңызды танымдық кездесу өтті. Шараға Ақмола облысы дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің теолог маманы Жаканов Сәкен Бағдатұлы қатысып,
«Қоғамның рухани дамуы мен діни сауаттылықтың өзара байланысы» тақырыбында мазмұнды дәріс-сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында спикер қоғамның тұрақты дамуы тек білім мен ғылым жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтармен тығыз байланысты екенін атап өтті. Білім мен ғылым кеңістігіндегі діннің орны - жеке тұлғаның ішкі мәдениетін, моральдық жауапкершілігін және сыни ойлау қабілетін қалыптастырудағы маңызды фактор ретінде қарастырылды.
Діни сауаттылық — радикалды көзқарастардың алдын алудың, зайырлы қоғам қағидаттарын терең түсінудің және конфессияаралық татулықты нығайтудың негізгі тетігі екені айтылды.
Ғылым мен діннің өзара үйлесімділігі адам баласының дүниетанымын кеңейтіп, білімді тек ақпараттық деңгейде емес, құндылықтық тұрғыда қабылдауға мүмкіндік беретініне ерекше назар аударылды.
Жастардың діни мәселелерге саналы, талдамалық көзқараспен қарауы қажет екені атап өтілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, кәсіби әрі дәлелді жауаптар алды. Мұндай тағылымды кездесулер болашақ педагог мамандардың рухани кемелденуіне, азаматтық ұстанымының қалыптасуына және заманауи қоғам талаптарына бейім, саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.