АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ-РЕСУРСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ АПТА БОЙЫ ТҰРАҚТЫ КЕЛІП ЖҮРГЕН ОҚЫРМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

19.01.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасына оқу үдерісі барысында апта бойы тұрақты келіп, білімге деген құштарлығымен, кітапхана ресурстарын тиімді пайдалануымен және белсенділігімен ерекшеленген топтар анықталып, марапатталды.
Апта бойы кітапханамен тығыз байланыста болып, ізденіс пен білімге деген ынтасын көрсеткен топтар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
🏆 «Аптаның ең үздік тобы» – И-11 тобы
🏆 «Аптаның тұрақты оқырмандары» – БМ-11 және БМ-12 топтары
🏆 «Аптаның белсенді тобы» – МД-21 тобы
📖 Білімге деген қызығушылықтарыңыз бен кітап оқуға деген ынта-жігерлеріңіз біз үшін үлкен қуаныш! Барша белсенді оқырмандарымызға алғысымызды білдіреміз.
Просмотров: 334


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу