Текст
09.01.2026
2026 жылдың 9 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №3 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнын жаңарту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін талдау, оқу процесінде білім сапасын арттырудың өзекті мәселелерін қарастыру және білім алушылардың болашақтағы кәсіби табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асу барысын саралау болды.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, алғашқы мәселе бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын жаңа сапаға көтерудің І жартыжылдықтағы нәтижелері қарастырылды.
Бұл бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы,
Екінші мәселе аясында оқу процесінде білім сапасын арттыру мәселелері қарастырылды. Жауапты оқу бөлімінің меңгерушісі Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы білім сапасын жақсартуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар мен нақты тәжірибелерді ортаға салды. Бұл ретте оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Кеңестің үшінші мәселесі ретінде «Табысты түлек» жобасын жүзеге асыру жұмыстары талқыланды.
Аталған жоба бойынша директордың практика жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы баяндама жасап, жобаның мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері және студенттердің кәсіби бейімделуіндегі маңызына тоқталды.
Педагогикалық кеңес барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Кеңес соңында директордың міндетін атқарушы Батанасова Бахытгүл Ерғалиқызы білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.