12.01.2026
Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен облыстық инновациялық жұмыстар байқауына Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Информатика» кафедрасының арнайы пәндер оқытушылары қатысты.
Атап айтқанда, Қамалиден Айгерім Сағындыққызы «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағыты бойынша, ал Мендыбаева Айжанар Нұрланқызы «Цифрлық білім беру өнімі» бағыты бойынша өз жұмыстарын ұсынды.
Мендыбаева Айжанар Нұрланқызының «Цифрлық педагогтің Digital-гайды» атты цифрлық өнімі І жүлделі орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал Қамалиден Айгерім Сағындыққызының «Білім берудегі менеджмент және цифрландыру» атты жұмысы сертификатпен марапатталды.