25.12.2025
2025 жылғы 25 желтоқсанда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №2 Қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Отырысқа қамқоршылық кеңес мүшелері - Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дүйсенова Ботагөз Балапайқызы, Көкшетау қаласының «С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі» КММ басшысы Б.Сарсембаева, «Аналар кеңесінің» төрайымы А.Қалиева және «Әкелер кеңесінің» төрағасы Т. Шекенов қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес колледж директорының м.а. Б.Батанасова 2025 жылға арналған кешенді білім беру бағдарламасының орындалуы және шаруашылық-қаржылық қызметтің қорытындысы бойынша есеп берді. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс республикадағы педагогикалық колледждер арасында білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мақсатында Қызылорда облысы білім басқармасы жанындағы «Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» КМҚК және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі» КМҚК арасында екі жақты келісімшарт жасалғаны жайында баяндады. Отырыс қорытындысында 2025 жылы үздік нәтижелер көрсетіп, елеулі жетістіктерге қол жеткізген, адал еңбегімен көзге түскен оқытушылар, студенттер және колледж қызметкерлері марапатталды.
Сонымен қатар, оқу орнымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып келе жатқан әлеуметтік серіктестерге, атап айтқанда С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің басшысы Б.В.Сарсембаеваға, «Айша» бөбекжайының басшысы Г.С.Сексеноваға, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы А.Н.Құрмашеваға Құрмет грамоталары мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Қамқоршылық кеңес отырысына модераторлық жасаған Б.Дүйсенова колледж ұжымы мен студенттерді 2025 жылғы жетістіктерімен құттықтап, білім беру сапасын арттыру жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. 2025 жыл колледж үшін маңызды жетістіктерге, жаңа серіктестіктерге және кәсіби дамуға толы нәтижелі жыл ретінде қорытындыланды.