АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ – 2025» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

28.12.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушысы Калиев Қуаныш Ахметұлы Ақмола облысының орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында 2025 жылғы 22–26 желтоқсан күндері өткен «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің үздік педагогы – 2025» облыстық байқауында ІІ орынға ие болды.
Аталған байқаудың негізгі мақсаты – алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні педагогтарының шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуіне ықпал ету және педагог мәртебесін арттыру.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:
І кезең – «Креативті мұғалім»: педагогтің кәсіби тәжірибесі мен шығармашылық әлеуетін таныстыру;
ІІ кезең – «Үздік әскери-патриоттық іс-шара»: білім алушыларға арналған тәрбиелік іс-шара жобасын ұсыну;
ІІІ кезең – «Заманауи АӘжТД сабағы»: стандарттан тыс форматта ашық сабақ өткізу.
Қуаныш Ахметұлы барлық кезеңдерде жоғары дайындық деңгейін, кәсіби біліктілігін және педагогикалық шеберлігін көрсете отырып, жүлделі орынға лайық деп танылды.
Әріптесімізді лайықты жетістігімен құттықтай отырып, алдағы еңбегіне шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
 
Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст