АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!

12.12.2025

Тәуелсіздік күніне орай Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты сурет конкурсы ұйымдастырылды. Байқауға «Сырлы бояу» үйірмесінің дарынды студенттері белсенді қатысып, өз қылқаламдары арқылы елге деген сүйіспеншіліктерін, ұлттық мақтаныш сезімін көркем түрде жеткізді.
Студенттердің жұмыстары Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, Астана қаласының заманауи келбетін, Тәуелсіздік монументін және қазақ даласының кеңдігі мен сұлулығын бейнелеуімен ерекшеленді. Әрбір суретте ұлттық нақышты айшықтайтын ою-өрнек элементтері, табиғат көріністері мен ашық түстер үйлесімді қолданылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Байқаудың мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу және Қазақстанның тәуелсіздігі жайлы түсініктерін кеңейту. Шара барысында қатысушылардың еңбектері бағаланып, үздік туындылар көрме ретінде ұсынылды.
«Сырлы бояу» үйірмесінің жетекшісі: Бегалин Болат Жанайдарұлы

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст