12.12.2025
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Амангелді Ғазиза Ғабдул-Манапқызының «Айтылым, жазылым, тыңдалым және сөйлеу дағдыларын жетілдіру» модулі бойынша үлгі сабағы өтті.
Сабақтың негізгі мақсаттары - студенттердің Past Simple Tense грамматикалық құрылымын дұрыс қолдану, әртүрлі су спорт түрлеріне қатысты тыңдалым мәтініндегі негізгі идеялар мен нақты мәліметтерді түсіну және өздерінің өткен тәжірибелері туралы сөйлеу/айту дағдыларын жан-жақты дамыту.
Сабақ барысында Brainstorming, Puzzle, Flashlight, "3-2-1 Reflection", Mystery Box сияқты әдістері қолданылып, сабақ интерактивті және тартымды форматта өтті.
Сабақ бойы Formative Assessment (қалыптастырушы бағалау) және Self-Assessment (өзін-өзі бағалау) әдістері белсенді қолданылды. Студенттер өз жетістіктерін бағалап, сыни ойлау мен коммуникативтік қабілеттерін көрсетті.
Үлгі сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи платформалар (Wordwall, Bamboozle) және әдістер тиімді қолданылды. Үлгі сабаққа колледж әдіскері Сабырова Әсем Бекешқызы және «Шетел тілі» кафедрасының оқытушылары қатысты.