10.12.2025
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде WorldSkills–2025 республикалық чемпионатында озық нәтижелер көрсеткен студенттерді оқу ордасына салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Биылғы кәсіби шеберлік алаңы көптеген жастардың еңбекқорлығын, ізденісін және біліктілігін айқын көрсеткен маңызды шара болды.
Колледж чемпионатқа екі құзыреттілік бойынша қатысып, білім ордасының намысын лайықты қорғады:
– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі – Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы;
– «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі – Сәбит Жұлдыз Нұралықызы.
Студенттер бұл сыннан сүрінбей өтіп, жоғары нәтижелер көрсете білді.
Колледж ұжымы чемпионаттан оралған студенттерді салтанатты түрде қарсы алып, олардың жеңісін зор қуанышпен атап өтті. Бұл жетістіктер жүйелі дайындықтың, табанды еңбектің және кәсіби шеберліктің жарқын көрінісі болып табылады.