АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2025» X РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

10.12.2025

WorldSkills–2025 республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы кәсіби шеберлік алаңы көптеген қатысушылардың біліктілігі мен талпынысын біріктірген ерекше дода болды. Ауқымды чемпионатқа Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі екі құзыреттілік бойынша қатысып, колледж абыройын асқақтатып қайтты:
– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша – Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы;
– «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша – Сәбит Жұлдыз Нұралықызы.
Әр құзыреттілікте 20 қатысушы бақ сынап, үздік атану жолында кәсіби дағдылары мен шеберліктерін жоғары деңгейде танытты.
Тартысты дода нәтижесінде:
⭐ Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша АЛТЫН МЕДАЛЬ жеңіп алды!
⭐ Сәбит Жұлдыз Нұралықызы – «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша Астана қаласының 2 мектебіне 2026–2027 оқу жылына бастауыш сынып мұғалімі қызметіне шақырту алды.
Бұл – жүйелі дайындықтың, табанды еңбектің және кәсіби шеберліктің айқын дәлелі!
Құттықтаймыз!

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст