АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2025 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

04.12.2025

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің түлегі Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы WorldSkills Kazakhstan–2025 чемпионатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша  қатысып отыр.
Бүгін Модуль В – «Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеті және денсаулығын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» бойынша жеребе таратылды. Қазіргі таңда берілген уақытқа сай дайындық қарқынды жүргізілуде.
Әр тапсырманы жүйелі орындап, байқауға тиянақты дайындалып жатқаны қуантады.
Осы маңызды әрі сындарлы кезеңде Ақгүлім Айбекқызына зор шабыт, сенімділік тілейміз!
Жолыңыз ашық болып, жеңіске жетіңіз! ✨

Просмотров: 50


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст