03.12.2025
«WorldSkills Kazakhstan-2025»республикалық чемпионатында 45 құзыреттілік бойынша 825 қатысушы бақ сынауда. Бұл – еліміздің талантты жастары бас қосатын, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін айқындайтын мәртебелі алаң.
Осы ауқымды додада Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі екі құзыреттілік бойынша қатысуда:
– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша – Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы;
– «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша – Сәбит Жұлдыз Нұралқызы.
«Жетістік – дайындықтың нәтижесі. Ал дайындық – өзіңе деген сенімнен басталады» дегендей, біздің үміткерлеріміз республикалық деңгейде өзіндік шеберлігін көрсетіп, колледж абыройын асқақтатуға ниетті.
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің намысын қорғап отырған қатысушыларымызға сәттілік және шабыт тілейміз!
ЖЕҢІСПЕН ОРАЛЫҢЫЗДАР!