ПСИХОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ!!!
03.12.2025
2025 жылдың 2 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагог-психологтары Испаева Дина Ғалымқызы, Емілесова Сания Жәнібекқызы, Джезбаева Гүлзат Батырбекқызының ұйымдастыруымен “Жүректің үні, психология тілі” атты психология апталығының ашылуы өтті.
Апталық ерекше көңіл-күймен, қызықты ойындармен және белсенділікке толы іс-шаралармен ашылды!
Энергияға толы «Биле де, сыйлыққа ие бол!» атты көңілді ойын арқылы қатысушыларды қарсы алды.
“Жасырын сөзді тап”ойыны барысындашарларды жарып, ішіндегі әртүрлі мотивациялық сөздерді табу керек болды.
Әр сөз — бүгінгі күнді жақсы өткізуге арналған шағын шабыт сыйлады.
Көпшілікті күлдірген «Мемді қайтала» ойыны өтті. Қатысушылар танымал мемдердің бейнесін қайталап, өз креативтілігі мен актерлік шеберлігін көрсетті.Психология апталығы енді басталды — алда бұдан да қызықты шаралар күтіп тұр!
@aqmola_cpp
Просмотров: 381