02.12.2025
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауына бағытталған мазмұнды дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.
Дайындық үдерісі келесі бағыттар бойынша іске асырылуда:
• модульдік мазмұнға негізделген тапсырмаларға талдау жасалды;
• тақырыпты терең меңгертуге арналған дидактикалық көрнекіліктер әзірленуде;
• ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізуге арналған тәжірибелік алаң құрылды;
• еріктілермен машықтану іс-әрекеттері жүргізілуде;
• модуль жетекшілері тарапынан қажетті бағыт-бағдар ұсынылды.
Қатысушы Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы «WorldSkills» стандарттарына сәйкес жүйелі жұмыс атқаруда. Оның кәсіби дайындығы мен табандылығы алдағы сынға тың серпін беруде.
Мектепке дейінгі бөлімнің түлегі, «WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауының қатысушысы Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызын алда күтіп тұрған үлкен додада сәттілік шыңдарына жетуге тілектеспіз!
Сенімділік, сабыр және шабыт әрдайым серігің болсын! ✨