27.11.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ ережелері мен күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес және Мәлік Ғабдуллиннің 110-жылдығына орай 2025 жылдың 25-27 қараша күндері аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК базасында «Мерген ару-2025» пневматикалық винтовкасынан атыс бойынша облыстық жарыста «Айбын» әскери-патриоттық клубының командасы І ОРЫНҒА ие болды.
Бұл жеңіс — клуб мүшелерінің табандылығының, командалық рухы мен бірлігінің нәтижесі. «Айбын» әскери-патриоттық клубының мергендері өздерінің шеберліктерін дәлелдеп қана қоймай, колледжіміздің абыройын тағы бір мәрте жоғары көтерді. Клуб жетекшілері мен мерген қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Біз Сіздермен мақтанамыз!
#«Айбын»ӘПК #МергенАру2025 #әскерипатриоттықтәрбие