АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІ: ЦИЛИНДР, КОНУС, ҚИЫҚ КОНУС» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҮЛГІ САБАҚ

25.11.2025

2025 жылдың 24 қарашасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде математика пәнінің оқытушысы Жалғасбай Меруерт Тлеубайқызының «Айналу денелері: цилиндр, конус, қиық конус» тақырыбындағы үлгі сабағы өтті. Сабақ теорияны практикамен ұштастыруға бағытталып, студенттердің өмірлік жағдайлардағы есептерді шығаруда геометриялық білімдерін қолдану қабілетін дамытуға арналды.
Сабақтың негізгі мақсаты: студенттердің цилиндр, конус және қиық конус туралы білімдерін жүйелеу; олардың беттік аудандарын есептеу формулаларын қолдана отырып, тәжірибелік және өмірлік есептер шығара алу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды:
🔸 Қызығушылықты ояту (видео көрсетілім)
Студенттерге тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетіліп, цилиндр, конус және қиық конус туралы алдыңғы білімдері еске түсірілді.
🔸 Сәйкестендіру тапсырмасы
LearningApps платформасында дайындалған интерактивті тапсырма арқылы студенттер формулаларды сәйкестендіріп, теориялық білімдерін бекітті.
🔸 Топтық жұмыс
Студенттерге түрлі заттардың суреттері ұсынылып, сол заттардың макетін жасап, бүйір бетінің ауданын есептеп шықты.
Топтар өз жұмыстарын қорғап, бір-біріне пікір білдіріп, топтық бағалау жүргізді.
🔸 Логикалық тапсырмалар және «Сергіту сәті»
Студенттер үшбұрыштардан берілген фигураларды құрастырып, кеңістіктік ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
🔸 Деңгейлік тапсырмалар (A, B, C)
Әр деңгейге арналған есептер ұсынылып, студенттер өз мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларды орындады.
Сабақ соңында студенттер тақтада көрсетілген эмоцияларды таңдау арқылы өз жұмысын бағалап, сабақ бойынша қысқаша рефлексия жасады.
Сабақ мазмұны студенттердің теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, оны практикада қолдану дағдыларын арттырды. Студенттер белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеп, математикалық ойлау қабілеттерін жетілдірді.

Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст