21.11.2025
2025 жылдың 21 қараша күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Білім» бейіні бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Логопедиялық қызмет пен инклюзивті білім берудің тиімді технологияларын, цифрлық контенттерін, тәжірибелерін талқылау және тарату» тақырыбында облыстық семинар–практикум өтті.
Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты «Аяла» арнайы балабақшасында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беруді жетілдіруге бағытталған инновациялық, цифрлық және практикалық технологияларды кәсіби қауымдастық арасында талқылау және тарату.
Семинар барысында «Аяла» арнайы балабақшасының дефектолог және логопед мамандары:
– Ахметжанова Фарида Солтанғазиевна,
– Садыков Гельман,
– Жакупова Сара,
– Өмірсерікова Айгүл,
– Қабдулинова Айгүл
мектепке дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған түрлі бағыттағы шеберлік сағаттарын өткізіп, логопедиялық, психологиялық, дене шынықтыру, дефектологиялық және тілдік дамыту технологияларын таныстырды.
Қатысушылар «Нумикон» бағдарламасы, тыныс алу жаттығулары, инклюзия мен ұлттық құндылық сабақтастығы сияқты өзекті бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.
«Қамқорлық» оңалту орталығының балалар невропатологі Картабаева Алтын Омарбековна шектеулі мүмкіндіктері бар балаларды оңалту тәжірибесімен бөлісті.
Логопедия мамандығының колледж түлегі, Ақмола облысы білім басқармасына қарасты Зеренді ауданындағы «Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің логопед маманы Асылбекова Аққу Тынулкеевна «Инклюзияда цифрлық ассистенттер: логопедия саласында ЖИ қолдану» тақырыбында өз әдіс-тәсілдерін таныстырды.
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Искакова Б. Ж., Жүсіпова Р. Қ. және студенттер Сәден Жанерке мен Темірхан Үміт баяндамаларымен таныстырды.
Семинар соңында рефлексия жүргізіліп, инклюзивті білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.